Жаңалықтар

Алматы көшелерін су басты

Түнде Алматыда жаңбыр, тауда қар жауды, Шымбұлақта 20 см қар түсті
Алматы көшелерін су басты
23.11.2022 10:00 1065

Түнде Алматыда нөсер жауын болып, қала көшелерін су басты. Жергілікті әкімдік қаладағы жағдай туралы ақпарат берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша түнде қалада жаңбыр, тауда қар жауды, Шымбұлақта 20 см-ге қар түсті.

«Қала бойынша барлығы 52 бірлік техника, 27 мотопомп, 2390 дана ыдыс-қап және 104 жұмысшы жұмылдырылды. ТЖД желісі бойынша су басу шағымы тіркелген жоқ. Алайда проблемалық учаскелерде әсіресе, Райымбек батыр көшесінен төмен аудандарда арықтардың суға толып кету фактісі болды. Әрбір факт ескеріліп, суды бұру сияқты жедел шаралар қабылданды»,- деп хабарлады әкімдіктен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға