Жаңалықтар

Алматыда «Қанатыңды кең серпі!» атты мерекелік іс-шара өтті

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемесінде өткізілген спорттық іс-шараға  есімі елімізге танымал, 2000 жылғы Сидней олимпиядасының (еркін күрес) күміс жүлдегері  Ислам Байрамуков қатысты.
Алматыда  «Қанатыңды кең серпі!» атты мерекелік іс-шара өтті
27.01.2017 09:21 4446

Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мекемесінде өткізілген спорттық іс-шараға  есімі елімізге танымал, 2000 жылғы Сидней олимпиядасының (еркін күрес) күміс жүлдегері  Ислам Байрамуков қатысты.

Кіші Қысқы Универсиада – 2017 іс-шарасының мақсаты: спорттың биік шыңын бағындырған  айтулы тұлғалармен кездесу барысында балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру, табандылыққа, тұрақтылыққа және женіске деген ұмтылысқа тәрбиелеу. Бүгінгі жас спортшылар, ертеңгі – халықаралық жарыстардың болашақ чемпиондары.

Жарыс барысында бөбекжай-балабақшасының ересектер тобының тәрбиеленушілері  өздері меңгерген спорт түрлерінен өнер көрсетті. Балалардың барлығы эстафеталық жарыстарда бір кісідей ат салысып, ептіліктерін және шыдамдылықтарын көрсете білді. Жанкүйерлер де қарап қалған жоқ. Олар өз командаларына қолдау көрсетіп, дайындаған музыкалық нөмірлерімен шықты. Мысылы: «Қарлығаш» тобының қыздары Максим Мрвенко «Рапсодия» әуеніне лентамен жаттығулар жасаса, өзгелер «Мен қазақтың баласымын» әуеніне би биледі.

Атханова Альмира, Балабақшаның меңгерушісі:

— Спорттық мерекені өткізу мақсатымыз – 28 Дүниежүзілік Қысқы Универсиядаға қатысатын қазақстандық спортшыларға қолдау көрсетіп, тәрбиенушілердің, ата-аналардың Универсиядаға деген қызығушылығын арттыру болып табылады. Олимпияданың биік шындарын бағындырған, Сидней олимпиадасының бокстан алтын жүлдегері Ермахан Ибраимов және Сидней олимпиядасының еркін күрестен кұміс жүлдегері Ислам Байрамуковпен кездестіреміз деген мақсат қойғанбыз. Бүгінгі біздің Универсиадада жеңіліп қалғандар жоқ – барлығы жеңімпаздар. Спорт дегеніміз ол — бейбітшілік.

Балалар жарысқа жақсы көңіл күймен қатысып, өздеріне тиесілі жүлделерін алды. Олимпиада жүлдегерлері Ислам Байрамуков балаларды құттықтап, медальдармен марапаттады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға