Жаңалықтар

Әлихан Смайылов маңғыстаулық кішкентай Әлиханның тұсауын кесті

Әлихан Смайылов маңғыстаулық кішкентай Әлиханның тұсауын кесті
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі 21.06.2023 21:09 582

Жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында жүрген Үкімет басшысы өңір тұрғынының өтінішін жерге тастамай, бір жасар Әлихан есімді бүлдіршіннің тұсауын кесті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақы дәстүрмен немеремнің тұсауын кесуді жоспарлап жүр едім. Сәті түсіп, Премьер-Министр Әлихан Смайыловқа баламыздың тұсауын кестіріп, жақсылыққа балап отырмыз, — дейді Әлиханның атасы Қайыржан Ниязов.

Үкімет басшысы бүлдіршінге ақ жол, болашағының жарқын болуын тіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға