Жаңалықтар

Әлемнің үздік футболшысы әлем чемпионатына қатыспайтын болды

Бүгін футболдан әлем чемпионаты басталады
Әлемнің үздік футболшысы әлем чемпионатына қатыспайтын болды
Фото: Globallookpress 20.11.2022 14:13 1732

Футболдан Франция ұлтттық құрамасының шабуылшысы, «Алтын доп» иегері Карим Бензема жарақатына байланысты Катарда өтетін әлем чемпионатына қатыса алмайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

19 қараша күні Бензама Франция құрамасымен бірге жалпы топта бірінші рет жаттығуға қатысты. Алайда, шабуылшы жаттығуды соңына дейін аяқтай алмады. Содан кейін ол Доха қаласындағы емханаға барып, тексеріс нәтижесінде жарақат алғаны анықталды. Дәрігерлердің айтуынша, енді футболшының қатарға қосылуына үш апта керек. 

Осы жағдайдан кейін Франция құрамасының бас жаттықтырушысы Дидье Дешам Бенземаның әлем чемпионатына қатыспайтынын растады. Ол Бенземаның жарақат алғанына қарамастан, командаға толық сенетінін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға