Жаңалықтар

Әлем чемпионаты: Лионель Месси Катарға барды

Катарда футболдан әлем чемпионаты өтеді
Әлем чемпионаты: Лионель Месси Катарға барды
Фото: championat.com 15.11.2022 10:01 2132

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси Катарға барып, әлем чемпионатына дайындалу үшін өз командасына қосылды, деп хабарлайды El.kz

Месси Абу-Дабиге аргентиналық "Ювентус" ойыншылары Анхель Ди Мария және Леандро Паредеспен бірге келді.

Аргентина құрамасы 16 қарашада Біріккен Араб Әмірліктерінің командасымен кездеседі. Топтық кезеңде Лионель Скалонидің командасы C тобында ойнайды, оның қарсыластары Сауд Арабиясы, Мексика және Польша құрамалары болады.

Аргентина құрамасы 1978 және 1986 жылдары әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Катарда әлем чемпионаты 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында өтеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға