Жаңалықтар

Александр Бублик АҚШ-тағы турнирде ширек финалға шықты

Александр Бублик АҚШ-тағы турнирде ширек финалға шықты
14.07.2022 03:07 1177

Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик Ньюпорт (АҚШ) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды EL.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген А.Бублик бірден екінші айналымнан бастап, дүниежүзілік рейтингте 100-орында тұрған америкалық Джек Сокпен кездесті. 

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:3 есебімен басым түсті. Екіншісінде Д.Сок дәл сондай есеппен есе қайырды – 6:3. Үшінші, шешуші партияда А.Бублик матчты тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:2. 

Бір сағат 52 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 22 эйс жасап, 5 брейк-пойнтты түгел пайдаланды. Д.Сок 2 эйс, 3 брейкпен (9 брейк-пойнт) көзге түсті. 

А.Бублик жүлде қоры 594 950 АҚШ долларына бағаланған доданың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 52-ракеткасы, ұлыбританиялық Энди Маррей немесе рейтингте 202-сатыдағы Макс Перселдің біреуімен таласады. Жарыс 17 шілдеде мәреге жетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға