Теннистен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Аустрияның Кицбюэль қаласындағы топырақты кортта өткен ATP 250 сериялы турнирінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ҰОК мәліметінше, отандасымыз ақтық сында франциялық Артур Казомен кездескен.
1 сағат 26 минутқа созылған матчта Александр Бублик бес эйспен қоса, жеті брэйк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Нәтижесінде 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Сондай-ақ, бүгін Астанада теннистен ел біріншілігінің жекелей сында ересектер арасындағы финалдық кездесулері аяқталды. Бұдан бөлек, Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Вашингтон (АҚШ) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

