6 Қазан 2022, 19:29

Алдыңғы буынның скрипкада ойнау шеберлігі бізге шабыт сыйлайды - «Терция» триосы

«Терция» триосы – отандық музыка кеңістігіндегі жас музыканттар тобы. Олардың армандары асқақ, мақсаттары айқын. Өнерге құштар 3 жас еліміздің бай музыкалық мұрасын, әлемдік музыка жауһарларын терең түйсініп, шеберлік шыңына жетуді армандайды. Жас та болса талай халықаралық сахналарда өнер көрсетіп, көркем шығармаларды орындағандарын мақтан етеді. Олар 2019 жылы «Ақсиса» атты скрипкашылар ансамблінің құрамында Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылуында өнер көрсетіп, тарихы тамырлас екі елдің мәдени-гуманитарлық байланысын нығайтуға атсалысып, екі ел президенті алдында өнер көрсеткен.

Бөлісу: