Жаңалықтар

Алдағы уақытта қандай азық-түлік түрлері қымбаттауы мүмкін?

Базардағы баға
20.09.2016 06:12 3021

Үкімет тарапынан құрылған арнайы комиссия жыл басынан бергі азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тексере келе, негізгі үш тәуекел топты анықтады. Яғни, төмендегі үш топқа кіретін азық-түлік түрлері қымбаттап кетуі мүмкін. 

Алдағы уақытта қандай азық-түлік түрлері қымбаттауы мүмкін?

Зерттеу 2015 жылдың желтоқсаны мен 2016 жылдың шілдесі аралығында жүргізіліп, осы уақыттағы бағалар салыстырылған.

Тәуекелдің алғашқы тобы – бағаның бірқалыпты 5 пайызға дейінгі өсуі: қой еті, айран, сүт, жармалар, макарон өнімдері, сары май, ірімшік, тұз, шай.

Тәуекелдің екінші тобы – бағаның 5-тен 10 пайызға дейін өсуі: сүт, сүзбе, нан, күріш, ұн, қырыққабат, тауық еті

Тәуекелдің үшінші тобы – бағаның 10 пайыздан жоғары болуы: қант, қарақұмық, күнбағыс майы, жұмыртқа.

Осыған байланысты, жергілікті атқарушы органдарға аталған тауар түрлеріне баса назар аударып, бағаның өсуіне жол бермейтін шараларды қолдану тапсырылды.

Айта кетейік, бүгін жаңартылған құрамдағы Үкіметтің алғашқы отырысы өтті. Отырысқа ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев төрағалық етті.


bnews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға