Жаңалықтар

Алаяқ қосымша арқылы ақмолалық тұрғынның атына заңсыз несие рәсімдеген

Алаяқ қосымша арқылы ақмолалық тұрғынның атына заңсыз несие рәсімдеген
Фото: © Polisia.kz 31.08.2023 22:00 603

29 тамыз күні  Жарқайың ауданының полиция бөліміне 59 жастағы жергілікті тұрғынынан алаяқтық фактісіне қатысты өтініш келіп түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жәбірленушінің айғақтарына сәйкес 16 тамызда белгісіз адам оның телефонына қоңырау шалып, өзін Halyk Bank қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырып, алаяқтық әрекеттердің алдын алу және оның шотындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ер адамға Rust Disk қашықтан қол жеткізу бағдарламасын жүктеу қажет деп сендірген. 

Осы қосымшаны орнатқаннан кейін, жәбірленуші телефонның екінші жағында алаяқ екенін түсініп, ұшу режимін қосқан. Алайда, осы режим өшірілгеннен кейін ҚР жетекші банктерінің бірінде өтеу кестесі туралы хабарлама табылып, онда белгісіз тұлға оның атына 2,8 миллион теңгеден астам несие ресімдеген. 
Өтініш берушінің айтуынша, күдіктімен телефон арқылы сөйлесу шамамен 1 минутқа созылған. 

Осы фактіге қатысты полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға