Жаңалықтар

«Әкеңнің көзі ретінде тағып жүр». Ләйлә Сұлтанқызы тұңғышына ерекше сый берді

«Әкеңнің көзі ретінде тағып жүр». Ләйлә Сұлтанқызы тұңғышына ерекше сый берді
Фото: коллаж El.kz 25.01.2024 16:37 7373

Қазақстандық танымал тележурналист Ләйлә Сұлтанқызы тұңғыш баласына ерекше сыйлық табыстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тележүргізуші ұлын туған күнімен құттықтап, марқұм әкесі Қайрат Беркінбаевтің сағатын тарту еткен видеосын әлеуметтік желіде жариялады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ләйлә Сұлтанқызы (@sultankyzy)

Сакошым! Маған алғаш ана бақытын сыйлаған жарығым. Саған тілер тілегім аналық жүрегімде... Құдайдан сұрарым тек денсаулық. Қалғанына өзіңнің ақылың мен еңбегің екі жақтап жеткізер, бұйырса! Әкеңнен дарыған даналық сені биікке шығаратынына сенемін, менің ең жақын досым, ақылшым. Жасың 17-ге келді. Сен үлкен өмірге аяқ басқалы тұрсың. Достарыңның арасында осылай ойнап, күліп жүре бер. Ешқашан ауырма. Білімді, саналы, иманды бол. Әкесі екеуіміз қатты армандайтынбыз, өзі де армандайтын. «Әкемнің осы сағатын таққым келеді» деп айтатын. Әкеңнің көзі ретінде тағып жүр, - деді ол. 

Еске сала кетсек, Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі Қайрат Беркінбаевтің қайтыс болғаны туралы ақпарат 2022 жылдың 6 қараша күні тараған еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға