Жаңалықтар

Академик Серікбай Бейсембаевтың қызмет жолы жайында қысқаша дерек

Серікбай Бейсембайұлы Бейсембаев 1912 жылы 27 желтоқсанда Павлодар облысы Баянауыл ауданының №11 ауылында, ағаш шеберінің отбасында дүниеге келген.
15.07.2015 11:24 3473

Серікбай Бейсембайұлы Бейсембаев 1912 жылы 27 желтоқсанда Павлодар облысы Баянауыл ауданының №11 ауылында, ағаш шеберінің отбасында дүниеге келген. 1931 жылы Семейдегі өнеркәсіп-экономика техникумын бітіргеннен кейін комсомолдық жолдамасымен ол әуелі Воронеждегі совет сауда инситутына, одан кейін Харьковтағы Совет сауда институтына оқуға барады. Институтты бітірген соң жарты жылдан кейін Серікбай Бейсембайұлы армия қатарына шақырылады.

Академик Серікбай Бейсембаевтың қызмет жолы жайында қысқаша дерек

1939 жылы ақпанда запастағы көптеген командирлермен бірге Серікбай Бейсембаев қайтадан армия қаратына шақырылды. Жұмысшы шаруа Қызыл Армия бас саяси басқармасының бұйрығымен ол Минск қаласындағы әскери-саяси ВКП(б) тарихының аға оқытушысы болып тағайындалады, бұдан кейін ол Борисов (Белоруссия) қаласында енді ғана құрылған әскери-инженерлік училищеге ауыстырылады. Ол соғыс басталғанда сол жерде болатын. көп ұзамай училище Архангельск қаласына көшіріледі. Ал, С.Бейсембаев 456 авиаполктің қармағына жіберілген. Бір жылдан кейін 1942 жылы қыркүйекте Қызыл Армияның Бас саяси басқармасы С.Б.Бейсембаевтың рапортын қанағаттандырып, оны Сталинград түбіне жібереді. Вильнос үшін болған ұрыста С.Б.Бейсембаев ауыр жараланып, әуелі Оршаға, содан кейін Мәскеуге, кейін Ташкентке, одан – Алматыға эвакуацияланды.

1946 жылы шілде айында подполковник С.Б.Бейсембаев армиядан босатылып, соғысқа дейінгі жылдардағыдай қайтадан Республикалық жоғары партия мектебі директорының оқу істері жөніндегі орынбасары болып істей бастады.

1951 жылы С.Бейсембаев Тарих ғылымдарының кандидаты дәрежесін қорғайды. Сол жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің КПСС тарихы кафедрасының меңгерушісі қызметіне жіберіледі. Бір мезгілде осы қызметімен қатар университеттің проректорлығын алып жүреді. 1955 жылы С.Б.Бейсембаев ККОК Ғылым және мәдениет бөлімін меңгеру сеніміне ие болады, бұл қызметте ол бес жылдан астам жұмыс істейді.

С.Б.Бейсембаевтың партиялық-тарихи ғылымға қосқан үлесі лайықты бағаланды. Ол Қазақ КСР Ғылым академиясының әуелі корреспондент мүшесі, одан кейін толық мүшесі, яғни академигі болып сайланды.

Ғылыми, ғылыми-ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмысының көптігіне қарамастан Серікбай Бейсембаев жиі-жиі лекциялар оқиды. Ол Үндістан, Монғол Халық Республикасы, Бельгия жұртшылығының алдында Қазақстан ғылымының өкілі ретінде баяндамалар жасады.

Еңбекқор, жауынгер, педагог, жұрт таныған ғалым С.Б.Бейсембаевқа бірнеше рет жоғары үкімет наградалары берілді. 


Дария Жұмалиева

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға