Жаңалықтар

Аида Балаева съездің декларациясы ресми құжат ретінде таралғанын атап өтті

Аида Балаева съездің декларациясы ресми құжат ретінде таралғанын атап өтті
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 11.10.2023 11:05 1442

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XXI отырысында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өткен съездің декларациясы ресми құжат ретінде таралғанын ерекше атап өтті, деп хабрлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Хатшылықтың күн тәртібі бойынша табысты жұмыстар мен шешімдер қабылданады деп сенемін. Сіздер осы 20 жыл бойы съезд қызметіне дін лидерлерінің қатысушылары ретінде куәгер болып келе жатырсыздар. Бүгінгі күні осы хатшылыққа үлкен қолдау көрсетіп және сіздердің күш-жігерлеріңіздің арқасында съездің беделі артып келе жатыр. VII съезд өткеннен бері бір жыл өтті. Бұл бұрынғы өткен съездерден ерекше болды. Съезд өзінің жұмысының әрбір кезеңдерінде жаңа идеялар мен бастамаларды жұмысына енгізіп келе жатыр. Олар осы қорытынды құжаттарда көрініс тауып отыр және азаматтарға, бүкіл әлем елдерінің үкіметтеріне арналған үндеу ретінде көрініс тапты, – деді мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Аида Балаева съездің декларациясы ресми құжат ретінде таралғанын атап өтті
©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Оқи отырыңыз:

Сондай-ақ министр өткен съездің декларациясы ресми құжат ретінде таралғанын ерекше атап өтті.

Бұл осы БҰҰ-ның Бас ассамблеясында айтылды. Ол 37 тармақтан тұрады. Әлемдік қоғамдастықтың қолдауына ие және барлық халықаралық ұйымдардың өкілдері мен жетекші, саяси қайраткерлердің пікіріне ие болды. Бүкіл әлемдік қоғамдастық бұл съездің өткен идеяларын ілгерілетуде. Соңғы жылдың ішінде 400-ден астам түрлі материал жарияланды. Қазіргі XXI хатшылыққа қатысушылар, съездің мақсаты мен идеяларын өз елдеріңізде ілгерілетіп отырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Сіздер әлемдік қоғамдастықта бейбітшілік пен келісімді нығайтуға үлес қосып келе жатырсыздар, – деді Аида Балаева.

Аида Балаева съездің декларациясы ресми құжат ретінде таралғанын атап өтті
©El.kz/Арман МҰХАТОВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға