Жаңалықтар

Агроөнеркәсіптік кешенді сандық жүйеге көшіру

Егін шаруашылығындағы тың инновациялар
Агроөнеркәсіптік кешенді сандық жүйеге көшіру
19.07.2018 12:06 7362

Мемлекет басышысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында сөз болған негізгі басымдықтардың бірі – Қазақстанның экономикалық және технологиялық салаларын сандық жүйеге көшіру. Осы бағытты жүзеге асыру үшін «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы жасалған болатын.

Ауылшаруашылығы министрлігі еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін сандық жүйеге көшіру аясында «Қаскелең тәжірибелік шарушылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кешенінде «Нақты егін шаруашылығын жүзеге асыру үшін инновациялық агротехникалық паркі» («Қаскелең» агропаркі) пилоттық жобасын құрып, алғашқы жетістігін де сынап көрді. Жоба барысында – жүгері, соя, жаздық бидай, арпа және басқа да дақылдарды өсіруді қолға алды.

Елбасы еліміздің ауылшаруашылық кешенін дамыту жоспары аясында агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігі мен өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауды кемінде 2,5 есеге көбейту туралы тапсырмасын орындау аясында ведомоство басшылығы ғылыми-өндірістік агропарктерді дамытуға аса мән беріп отыр.

Жоғарыда сөз еткеніміздей пилоттық жоба алғашқы жеімісін де бере бастады. Мәселен, «Қаскелең» агропаркінде алғаш рет «автопилот» режимінде дәнді-дақылдарды толық автоматтандырылған John Deere S760 комбайнының көмегімен жиналмақ.  Еліміз үшін бірегей нысан ретінде таңдалған «Қаскелең» агропаркіндегі егін алқабтарының электронды картасы үшін жасалған бағдарлама алқаптағы астық жинау машинасын адамның көмегенсіз басқарып, сандық техниканың қызығын көріп отыр.

Тағы бір ерекшелігі алқаптарды электронды суару жүзеге асырыла бастады. Ұшатын дрондардың көмегімен жердің қашықтығын алдын-ала тексеруге мүмкіндік туып отыр. Бұған қоса роботтандырылған астық жинау мен  спутниктік метеостанцияға дейін тыңайтқыштарды автоматты түрде енгізу сияқты егін шаруашылығы үшін машақаты көп жұмыстар әлдеқайда жеңілдеп отыр.

Инновациялық жаңа жобаның таныстырылымына Қазақстан Республикасы  Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, Алматы және Алматы облысы әкімдіктерінің өкілдері, Германия, Швейцария, Франция, АҚШ сынды шетелдік аграрлық кәсіпорындардың мамандары қатысты.

Агроөнеркәсіптік кешенді сандық жүйеге көшіру шеңберінде жасалып отырған аталмыш іс-шара ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп отырған кәсіпкерлерге үздік сұрыптардың өнімділігін арттыруға бағытталған жаңа технологияларды енгізуге көрсетуге мүмкіндік береді,- дейді бірінші вице-министр Арман Евниев. бірінші вице-министрі Арман Евниев. – Нақтырақ айтқанда No till – суарылмайтын жерлерде қарқынды өсімдіктерді егіп өсіру технологиясын ерекше атап өтуге болады.

Мамандардың пікірінше, «Қаскелең» агропаркі аумағында нақты егін шаруашылығының элементтерін енгізу тәжірибе алқабтарында өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берді. Мәселен, жазғы маусымдағы бидайды дәстүрлі және инновациялық технологиялар арқылы өндіруді салыстырса, шығындарының айырмашылығы бірден байқалады. Дәстүрлі технология пайдаланылған алқаптардан таза пайда 85 мың теңге/га құраса, инновациялық технологияларды пайдалану кезінде 232,5 мың теңге/га ұтуға болатыны белігілі болып отыр. Мұндай сынама жұмыстар жаздық арпа, жүгері гибридтері, соя түрлеріне де жүргізіліп, жаңа технологияның берері мол екеніне тағы бір мәрте көз жеткілген. Қалай салыстырсақ та инновациялық технологиялардың экономикалық көрсеткіші дәстрүрлі әдістен әлдеқайда жоғары.

Ауыл шаруашылығы саласы мамандарының пікірінше, министрлік тарапынан жүзеге асырылып отырған тың инновациялық жобалар үздік әлемдік жетістіктерді пайдалануға мүмкіндік береді. Неге десеңіз, мемлекет ауыл шаруашылығындағы ең тиімді шешімдерді трансферттеу, бейімдеу мен апробация шығындарын өз мойынына алып отыр. Агропарк алқаптарындағы тиімді әдістер мен іске қосылған технологиялар отандық бизнесте  экономикалық шығындарды көп мөлшерде азайтуға әрі өнімділікті  арттыруға мүмкіндік береді.

2018 жылы «Қаскелең» агропаркі базасында 200-ден астам фермер оқып, жаңа технологияыны игеру бойынша білімдерін тереңдетті.

Цифрлы Қазақстан

Сәуір айында агроөнеркәсіптік кешенді сандық жүйеге көшіру бойынша ведомоствоның вице-министрі Арман Евниев бірнеше инновациялық жобаларды таныстырған болатын. «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 4 жоба жүзеге асырылмақ. Сала мамандарының пікірінше, ауылшаруашылық өнімдерін өткізуді жүйелеуде, экспорт нарығын дамытуда сандық жүйенің артықшылығы мен берері мол.

Келер жылы мал шаруашылығы, өсімдік және балық өнімдерін бақылау мақсатында мониторинг жасалып, ақпаратты электронды түрде алу жоспарланып отыр. Мысалы, әрбір жаңа туған мал бірден тіркеуге алынып, оған қатысты барлық мәліметтер электронды базаға енгізілмек. Мәселен, ол қандай екпе алды, қай жерде сойылды, ет қай базарда саудаланады деген сұрақтардың жауабы электронды базада тіркелетін болады.

Мұндай жаңа жүйе сатып алушылардың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Толық ақпаратқа қанығып, малдың таза екеніне көз жеткізілгендіктен  экспорттаушылардың да саны артады деген сенім зор. Қазіргі уақытта ет импорттаушы елдер өнімнің өндірілу барысына қатысты толық ақпарат берілуін талап етеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі басымдық беріп отырған келесі бағыт – электронды сауда-саттықты дамыту. Елімізде астық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер қазір өз өнімдерін электронды форматта сатуды қолға алып отыр. Мәселен, екі жыл бұрын іске қосылған minagro.kz веб-порталына 195-ке жуық ірі астық қоймасы тіркеліпті. Бұл аз көрсеткіш әрине. Онлайн түрде сауда жасау мүмкін екенін білмейтін шаруалар қаншама? Бұл кәсіпкерлердің жұмысын айтарлықтай деңгейде төмендетеді. Қоймадағы астықты күнде бақылауда ұстағаннан гөрі, барлық мәліметтерді үйде отырып-ақ электронды түрде қадағалауға болады.  Кез келген астық сатып алушы үшін қоймадағы өнім жайында ақпарат электронды жүйеде тіркелген. Тіпті сатушы мен сатып алушының арасында жасалатын келісімшарт пен оны заңдастыруды «ақылды технологияның» көмегімен оп-оңай шешуге болады.  Бастапқыда тіркелгендердің саны 4 мың болса, қазір 39 мыңға жеткен.

ІТ-технологияларды егіншілік шаруашылығы мен SMART фермаларда пайдалануды дамыту үшін кәсіпкерлерді тартуға министрлік мұрындық болмақ. Өз кәсібінің бәсекеге қабілетті болуын әрі дамуын көздеген бизнес өкілі кәсібін сандық жүйеге көшіргені абзал.

Сала мамандары ең әуелі жаңа технологияның жілігін шағып, майын ішкен сала мамандары ұсынған жобалардың ішінен тиімдісі инвестицияланатынын алға тартады. Ол үшін мемлекет онлайн сауда жүйесін қолға алған ІТ- мамандарына салық жүйесінде жеңілдіктер қарастыруды көздеп отыр. Мұндай жүйе Канада, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, АҚШ сияқ­ты дамыған елдерде жақсы жолға қойылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға