Жаңалықтар

Аджай Банга Дүниежүзілік банктің басшысы атанды

Аджай Банга Дүниежүзілік банктің басшысы атанды
Фото: ©AP/Kevin WOLF 04.05.2023 06:26 546

Аджай Банга Дүниежүзілік банктің (ДБ) жаңа президенті болып сайланды,

Бұған дейін MasterCard Inc басшысы қызметін атқарып келген Аджай Банга жаңа қызметіне 2 маусымнан бастап кіріседі. Ол бес жылға сайланды.

Енді ол мерзімінен бір жыл бұрын отставкаға кеткен Дэвид Малпасстың орнын басады.

ДБ басшысы лауазымына 63 жастағы Аджай Банганың кандидатурасын АҚШ президенті Джо Байден ұсынды.

ДБ директорлар кеңесі Аджай Бангамен ұйымды дамыту және күрделі мәселелерді шешу бағытында бірігіп жұмыс істеуге ниетті, - делінген ұйым таратқан мәліметте.

Дүниежүзілік банк президенті Халықаралық қайта құру және даму банкі директорлар кеңесінің және тағы бірқатар ұйымның басшысы қызметін қатар атқарады.

Еске салайық, 2023 жылдың 15 ақпанында Дүниежүзілік банктің президенті Дэвид Малпасс жуық арада қызметінен кетуге ниетті екенін айтқан болатын. Ол бұл лауазымды 2019 жылдан бері атқарып келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға