Жаңалықтар

Адамбаевтың фильмі екі жүлдені жеңіп алды

Қазақ киносының жетістігі
15.09.2016 10:34 5387

Қазақстандық режиссер және продюсер Нұртас Адамбаевтың «Тараз» атты фильмі таяуда АҚШ-та өткен фестивальдің негізгі аталымдарында жеңіске жетті. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі қараша айында өтеді.

Адамбаевтың фильмі екі жүлдені жеңіп алды

Продюсер өзінің әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында қуанышын былайша жеткізді:

«Алақай! Ақжолтай хабар! Біздің су жаңа фильміміз – «Тараз» АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласында өткен «Genre Celebration Film Festival» фестивалінің екі бірдей негізгі жүлдесін жеңіп алды. Олар: «ең үздік операторлық жұмыс» және «ең үздік драма» аталымдары. Бұл менің мұндай қиын жанрдағы түсірген алғашқы фильмім болғандықтан, мен үшін өте маңызды жеңіс болды. Фильмді түсіруге қатысқан барлық жандарға, біздің еңбегімізге сенім білдірген кісілерге алғыс айтамын. «Тараз» картинасы қатысқан алғашқы фестивалінен-ақ көзге түсті...».

Адамбаевтың фильмі екі жүлдені жеңіп алды

«Тараз» қылмыстық драмасы отандық кинотеатрлардан көрсетіле қойған жоқ. Оның премьерасы 6 қазанда өтпекші. Фильм Тараз қаласында түсірілді. Оған қатысуға Тараздың 300-ден астам тұрғыны тілек білдірген. Фильмде Тараз қаласында тұратын жас жігіттің тағдыры баяндалады.

«Тараздағы» басты рөлдерді Нұртас Адамбаев, Еркебұлан Дайыров, Гүлназ Жоланова, Асан Мәжит, Төлепберген Байсакалов, Жандос Айбасов, Кәмшат Жолдыбаева, Нұржан Садыбеков, Марат Абдуллаев және Әшим Ахметовтер ойнайды.


Әзірлеген: Жансая ТӨЛЕГЕН

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға