Жаңалықтар

Адам ұрлады деген күдікпен қазақстандық құрықталды

Адам ұрлады деген күдікпен қазақстандық құрықталды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 26.02.2024 17:33 485

Үш ай іздеуде жүрген қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызылордада полицейлер халықаралық іздеуде жүрген ер адамды қолға түсірді. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті үш айға жуық уақыт бойы тергеуден жасырынып жүрген.

23 ақпанда криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында адам ұрлады деген айыппен облыс орталығының 50 жастағы тұрғынын ұстады.

Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға