Жаңалықтар

Адамға қажетсіз ағзалар

Сан ғасырлар бойы даму нәтижесінде адамға қажетсіз болып қалған ағзалар.
19.04.2016 11:36 11594

Үшінші қабақ

Адамға қажетсіз ағзалар

Бұл уақытқа дейін көзіңізде екі қабақ бар деп ойлап жүрген болсаңыз — қателескеніңіз. Шын мәнінде олардың саны үшеу. Үшінші қабақты мысықтан, тауықтан, кесірткеден, акуладан кездестіруге болады. Бұл ағза өте көне заманда адамдарда да болған. Дегенмен, уақыт өте келе үшінші қабақтың қажеті болмай қалған. Адам ағзасынан толығымен жоғалып кетпеген.

Денедегі шаштар

Адамға қажетсіз ағзалар

Жер бетінде алғаш пайда болған адамдардың денесінде шаш өте көп болған. Ол кезеңде денеге шыққан шаштың атқаратын қызметі — суықтан қорғау болған. Өркениетті заманда киім-кешектер дүкендерде толып тұр, бірақ денедегі шаштар өсуін тоқтатар емес.  

Дененің тітіркенуі

Адамға қажетсіз ағзалар

Жоғарыда айтылған денедегі шаштар — дененің тітіркенуімен тікелей байланысты. Бұл рефлекс те көне заманда өмір сүрген ата-бабаларымыздан қалған. Олар өміріне қауіп төнген сәтте шаштарын көтеріп (мысықтар секілді) қарсыласына сес көрсеткен. Олай жасауының басты мақсаты — қарсыласына үлкен болып көріну. 

Соқыр ішек

Адамға қажетсіз ағзалар

Дарвиннің теориясы бойынша соқыр ішек (аппендикс) эволюцияның басында қажетсіз заттарды тазалау қызметін атқарған. Кейінірек адамдар ненің пайдалы, ненің зиян екенін түсіне бастаған кезде, бұл ағзаның қажеті болмай қалды. Дегенмен, соқыр ішек ағзадан мүлдем жоғалып кетпеді. Бүгінгі таңда бұл ағзаның атқаратын функцияналдық қызметі жоқ.

Ерлер еміздігі

Адамға қажетсіз ағзалар

Әйелдер үшін еміздік аты айтып тұрғандай баланы емізу үшін қажет. Ал еркекке еміздік не үшін қажет? Адамдар ғарышты меңгеріп, жаңа технологиялардың сан мың түрін ойлап тапқанымен, «еркекке еміздік не үшін қажет?» деген сауалға әлі жауап табылған жоқ.

Құйымшақ

Адамға қажетсіз ағзалар

Құйымшақ — екі жамбастың ортасындағы сүйек. Сенсеңіз де, сенбесеңіз де, көне заманда бұл орында құйрық болға! Иә, иә, жануарлардың құйрығы секілді ұзын құйрық. Ұзақ ғасырлар бойы дамудың арқасында бүгінгі күні бұл байқалмайтын кішкентай сүйек болып қалған. Құйымшақтың нақты атқаратын қызметі жоқ.


Алмас САУДАНБАЙ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға