Жаңалықтар

ӘЧ: Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалға өтті

ӘЧ: Қамшыбек Қоңқабаев ширек финалға өтті
Фото: ҚР ҰОК 07.05.2023 23:09 1003

Қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Ташкенттегі әлем чемпионатында екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

1/8 финалда 92 келі салмақта өнер көрсететін Қоңқабаев сириялық былғары қолғап шебері Мохаммед Млайесті төрешілердің ортақ шешімімен жеңді.

Осылайша Қамшыбек әлем біріншілігінің ширек финалына шықты. Отандасымыз алғашқы айқасында ресейлік Алексей Дроновты жеңген болатын.

Қоңқабаев – 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлемнің екі дүркін күміс жүлдегері.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға