Жаңалықтар

Абай облысындағы табиғи өрт жедел түрде оқшауланды

Абай облысындағы табиғи өрт жедел түрде оқшауланды
Фото: ҚР ҰОК 15.07.2023 20:21 647

ҚР ТЖМ Абай облысындағы табиғи өрт жедел түрде оқшауланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызыл жалын шарпыған аумақ 350 гектарды құраған.

Оқи отырыңыз:

ТЖМ және орман шаруашылығы бөлімшелерінің бірлескен күшімен 19:33-те өрт оқшауланды. "Семей орманы" МОТР ақпараты бойынша өрттің ауданы 350 гектар құрайды, оның 150 гектары орманмен жабылған алаң, - делінген мәліметте.

Өртті сөндіру жалғасуда.

Айта кетейік, өңірдің төтенше жағдайлар департаментіне бүгін сағат 11:40-та Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөптер мен ағаштардың жануы туралы ақпарат келіп түскен. 

Апат аймағына ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары аттанып, облыстың ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімінің, ШҚО ТЖД жеке құрамдарының 100 адамы және 20-дан астам техникасы жұмылдырылды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға