Жаңалықтар

Абай облысында ер адам көлік астына түсіп, көз жұмды

Абай облысында ер адам көлік астына түсіп, көз жұмды
Фото: © Polisia.kz 18.08.2023 15:28 1117

Абай облысының Көкпекті ауданында ер адам көлік астына түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Полиция мәліметінше, 13 тамыз күні сағат 22:22 шамасында “102” арнасына облыс орталығының 46 жастағы тұрғынынан Жансары ауылының маңындағы Көкпекті – Васильев өткелі тас жолымен жүріп келе жатып, көлігімен тас жолда отырған белгісіз бір адамды қағып кеткені туралы хабарлаған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам сол жерде алған дене жарақатынан қайтыс болды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға