Жаңалықтар

Абай облысында 15 жасар қыз із-түзсіз жоғалып кетті

Абай облысында 15 жасар қыз із-түзсіз жоғалып кетті
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 20.06.2023 18:32 926

Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жасар қызды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, 19 маусым сағат 15:00-де кәмелетке толмаған қыз бала үйден белгісіз бағытта кетіп, әлі оралмаған. Александра Юрченко сұр түсті джинсы киген, иығында қара рюкзагы бар.

Жасөспірімнің белгілері: спорттық дене бітімді, көздері жасыл, шашы ақшыл, иығынан төмен. Іздестіріліп жатқан жасөспірімге қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз, +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 немесе 102 телефондары арқылы хабарласуға болады, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға