13 Қазан 2022, 18:13

«Ақындық - Тәңірдің берген ерекше сыйы!» - Аяулым Абсаттар

Аяулым Абсаттар Астанадағы №92 мектеп лицейінің 7-сынып оқушысы. Жас ақын, «Ақындық өнер» номинациясы бойынша республикалық байқаудың бас жүлдегері. Мәнерлеп өлең оқудың шебері. Республикалық «Көркем сөз» байқауының да бас жүлдесін жеңіп алған. «Жас өрен» атты жыр жинағы жарық көрген. Аяулым сценарист әрі жүргізуші ретінде де өзін танытып жүрген талантты қыз. Телебағдарлама мен сұқбат жүргізіп, әдеби кештер, дебат-турнирлерді өткізуге белсене атсалысып жүреді. Өзінің қатарлас құрбыларынан бойындағы өнерінен бөлек, ұзын қою қара шашымен де ерекшеленеді. Биыл «Бұрымды қыз» байқауының жеңімпазы атанды. Ал ең үлкен жеңісі «100 жаңа есім» жыл үздігі медалінің иегері атануы. Сондай-ақ Аяулым мектебіндегі озат оқушы. Қазір «Интернет – тәуелділік» тақырыбындағы үлкен ғылыми жобаға дайындалып жүр. Жақында зерттеу жұмысын аяқтап, ғылымға енгізген жаңалығымен бөліспекші.
Бөлісу: