Жаңалықтар

АҚШ пен Иран ядролық бағдарлама бойынша келісе алмады

Бұл туралы ақпаратты Еуропалық одақ өкілдері Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде мәлімдеді.
АҚШ пен Иран ядролық бағдарлама бойынша келісе алмады
02.07.2022 07:36 1350
Катарда өткен кездесуде АҚШ пен Иран ядролық бағдарлама бойынша келісімге келе алмады, деп хабарлады El.kz порталы Хабар24 арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпаратты Еуропалық одақ өкілдері Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесінде мәлімдеді.

2015 жылы АҚШ, Қытай және Ұлыбритания келіссөз жүргізіп, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша түпкілікті мәміле жасасуға уағдаласқан еді. 

Алайда билікке Дональд Трамп келген соң 2018 жылы Ақ үй аталған келісімнен шығып, Тегеранға қарсы санкциялар енгізді. Бұған қарымта жауап ретінде Иран ядролық қуатын қайта күшейтуді қолға алды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға