Жаңалықтар

"Тақтар ойыны" басталды

"Тақтар ойыны" сериалының 7-маусымына болжам.
"Тақтар ойыны" басталды
17.07.2017 16:56 2636

Көрермендерін 1 жыл күттірген «Тақтар ойыны» сериалының жаңа жетінші маусымы басталды.

Бұл күндері әлем бойынша ең қызу талқыға түсіп жатқан Джордж Мартиннің туындысын біз де жібермей, әлеуметтік желі белсенділерін "Түнгі күзет" тобынан тауып алып, жаңа жетінші маусымға болжамдарын сұраған болатынбыз. Оқып, сіз де өзіңіздің болжамыңызды қоса отырыңыз.

Алдын ала ескертеміз, спойлер болуы мүмкін!

Сөзімді «Солтүстік ұмытпайды» деп бастағым келеді. Жаңа маусым алты маусым бойы азап шеккен Солтүстіктің сақшысы Старк әулетінің барлығын орнына қоятын және Ланнистерлердің күйрейтін кезі болады деп ойлаймын.Өз басым ең азапты жолды өткізген Арья Старк үшін жанкүйермін, ол Фрейлерді, Болтондарды өлтіруі тиіс, өзіндегі өлім тізімінен тек Клиганды алып тастаса болды. Өзін жалғыз Таргариен санайтын Дейнерис Джон Таргариен Сноуды мойындай қоймайды, тіпті бәсекелес көруі де мүмкін. Осы бәсекелестік Вестеросқа енді жеткенде солтүстікте пайда болған үлкен қауіпті ескермеуге, тіпті көз жұмуға алып келетін секілді. Сир Давос айтқандай "Темір тақта қай патшаның жамбас сүйегі отырғаны маңызды емес, ең маңыздысы адамзатты қыспен бірге келетін Тірі өліктерден қорғау, түнгі күзетті күшейту". Мұны бүкіл патшалықта түсінетін тек Солтүстіктегілер екенін алдыңғы маусымда көрдік. Сценаристер алдыңғы маусымдағыдай негізгі жағымды кейіпкерлерді өлтіруді қояды, себебі олар аз қалды (л –логика). Ұмытпаңыз, «Солтүстік ұмытпайды»!

- Серсея Ланнистер алғашқы 3 серияның біреуінде өлуі тиіс. 

- Серсеяны Арья Старк өлтіруі мүмкін. 

- Төбетті (Сандор Клиган) Арья Старк өлтіреді. 

- Джон Сноу мен Даэнерис Таргариан қосылады. Үйлену емес, одақ болады. 

- Джон Сноудың Таргариен екені анықталады. 

- Бран Старк ходоктарды тоқтатады.  

- Кхалиси мен Серсея соғыса бастайды, бірақ соғыс соңына жетпейді. Солтүстіктен ходоктар шабуылы қабырғадан өтіп, Джон екі патшайыммен хабарласуы керек. 

- Арья өлтіруін жалғастырады, Серсеяны өлтіруге әрекет жасауы мүмкін. 

- Теон өледі және Бейлиш. 

- Ходактарда да айдаһар пайда болады, Кхалисидің бір айдаһары сондайларға айналады. 

- Клиган соғыста өледі немесе Серсеяға қастандық кезінде. 

- Бран Джонмен кездесуі керек, ходоктарға қарсы басты рольдердің бірін ойнайды.  

- Серсеяны Джейме өлтіреді (бірақ ол келесі сезонға қалуы мүмкін). 

Сюжеті күтпеген, круто төңкеріліп кететін кездері көп қой (сериалдың изюминкасы да осы шығар), содан ештеме айта алмаймын. Бірақ, меніңше, осы сезонда Серсея өледі. Ал түрлі трюктарды үйреніп келген Санса кері персонажға айналады деген ойдамын. 7-сезонды Серсеяның өлімімен аяқтаса керек-ті... 

7 маусымда: Ланнистерлер тронды сақтап қалу үшін күресті үдетіп, барлық патшалықтар арасында тақталастық соғыс одан әрі күшейе түспек. Оттан жаралған Дейенерис Мен үшін таққа отыруы ықтималдылығы ең жоғары кейіпкер. Əрине Джон Сноудың əлеуетін де бағып көру керек. 

Менің болжауымша, Дейенерис Таргариен Ланнистер әулетін таптап жатқанда, солтүстікте Джон Сноушылар арғы беттен келген құбыжықтармен біраз алысуы керек. Өзінің шамасы келмесесі анық. Дейенерис Ланистерлерді жеңгесі Джон Сноумен бірігіп қаңқалылырға қарсы тұруы керек. Сол кезде ғана күш теңеседі. Бірақ бұр сериалға болжам жасау күлкілі нәрсе. Әдетте бәрі керісінше жүреді мұнда. Сонысымен ерекше. 

Дайындаған: А.МАРАТ

Иллюстрация: И.ЖҰБАНЫШ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға