Жаңалықтар

«Рухани жаңғыру» ұлттық мүддеге қызмет етуі тиіс

Президентіміз Н. Назарбаевтың мақаласы туралы пікір
«Рухани жаңғыру» ұлттық мүддеге қызмет етуі тиіс
22.05.2017 12:51 6507

Елбасымыздың қазақ елінің рухани жаңғыруы туралы ойларын шынымен де әрбір қазақтың санасын оятатын, ұлтты мүддеге қызмет етуге шақыратын терең тұжырымдар деп қабылдадым. Ондағы «Жаңа тұрпатты жаңгырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай», - деген жолдардың астарында үлкен мағына жатыр. «Ұлттық код» дегеніміздің өзі - халқымыздың гасырлар бойы сақтап келген салт-дәстүрі, тілі, ұлттық мәдениетінің өшпес белгілері. Ол үшін қазақ халқының өткеніне, сонау сақтар мен ғұндардан басталатын көне тарихына үңілу қажет.

I. XXI ҒАСЫРДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНА ТУРАЛЫ бөлімнен «Ұлттық жаңғыру қазақстандықтардың санасына қандай өзгерістер әкелу керек?» — деген сұраққа да жауап таба аламыз.

Бәсекеге қабілеттілік қазіргі бүкіл әлемде болып жатқан өзгерістерден қалыс қалмау, оның сынақтарына төтеп беру, әлемдік қауымдастықтың талаптарына сай болу дегенді білдіреді.

Прагматизм, яғни сарабдал сана, қазақ ұлтының ешнәрседен қапы қалмай, жоғын түгендеп, барын бағалауға жұмылдыратыны сөзсіз.

Ұлттық бірегейлікті сақтау жаһандану үдерістерінде өзіндік ерекшелігімізден айырылып қалмау үшін де маңызды. Мен алыс шетелде қазақ тілі мен мәдениетін насихаттап жүргендіктен, осы мәселеге ерекше назар аударамын.

Ұлттық жаңғырудың басты әлеуеті - білім. Қазақтың: «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар», «Оқу - инемен құдық қазғандай» деген дана сөздері халқымыздың әуелден білімді шамшырақ етіп ұстағанын білдіреді. Қазіргі ғылым мен технология заманында қазақ ұлтының білімді болуы - оның табиғи міндеті. Елбасымыздың бастамасымен жасалған «Болашақ» бағдарламасы, сондай-ақ елордамыздагы Назарбаев университеті - осы бағыттагы үлкен істердің көрінісі.

Қазақ ұлтының дамуы үшін қантөгісті төңкеріс емес, санадағы төңкерістің қажет екені күмәнсіз. Сондықтан да революциялық емес, эволюциялық дамудың жолын таңдауымыз керек екендігі әділ айтылған.

Елбасымыз сананың ашықтығын тек бүгін айтып отырған жоқ. Ұлт көшбасшысы әлемдегі жаңалықтарға ашық болуға, басқа елдердің озық тәжірибелерін игеріп, жаманынан жиренуге әуелден-ақ назар аудартқан. Сондықтан да Қазақстан әлемге танылды және шетелдердің жақсы жетістіктерін меңгеруге ұмтылып келеді.

II. ТАЯУ ЖЫЛДАРДАҒЫ МІНДЕТТЕР бөлімінен рухани жаңғырудың нақты істермен жүзеге асатынын көреміз. Қазақ тілінің әліпбиін ауыстыру, латын графикасына көшу - қазақ ұлтын өркениетке бастайтын батыл әрі дер кезінде қабылданған шешім. Қазақ тілін шетелдіктерге оқытатын маман ретінде бұл қадамды құптаймын. Қазақ тілінің заңдылықтарын, табиғи ерекшеліктерін сақтай отырып сәтті жасалған латын графикасы тек тіл мамандарының ғана емес, қазақ ұлтынын үлкен жеңісі болмақ. Шетелде қазақ тілін оқытатын мұғалімдерге де осы жөнінен ақпараттар беріліп, көмек көрсетілсе деген тілегім де бар.

Рухани жаңғыруга мәдениетті дамыту арқылы жететініміз түсінікті. Осы бағыттағы «Мәдени-географиялық белдеу», ақпараттық жобалар, ішкі және сыртқы мәдени туризм шаралары жүзеге асырылса, қазақ ұлтының мәдени өркендеуіне үлкен үлес қосылған болар еді. Қазақ мәдени- географиялық белдеуі алыс-жақын шетелдерді де байланыстырады. Мәселен, мажарстандық қыпшақтар да осы белдеуге ене алады.

«100 жаңа есім» жобасы осы мақсаттарда жұмыс істеп жатқан, қазақ жерінде, сондай-ақ шетелде қазақ тілі, мәдениетін насихаттап жүрген тұлғаларды елге танытпақ.

Мажар елінде де Қазақстандагы ұлы өзгерістерге әрқашан жағымды баға беріледі. Қазақ графикасын латынға ауысуы туралы да қолдаған, қуаттаган пікірлер көп айтылуда.

Алыс шетелде, Мажарстанда, жұмыс істеп жүрсем де, елім үшін, оның рухани жаңғыруы үшін қызмет ете беремін. Қазақ тілін, әдебиетін, мәдениетін шетелде насихаттау - мен үшін зор мақтаныш. Елбасымыздың рухани жаңғыру туралы көзқарастары алдағы жұмыстарыма да бағыт- бағдар беретін болады.

Сегед, Мажарстан

19 мамыр, 2017 жыл

Раушангүл Зақанқызы Мұқышева, филология ғылымдарының кандидаты, Сегед университеті Алтаистика кафедрасының қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға