Жаңалықтар

9 мыңнан аса долларды қолдан жасаған күдікті ұсталды

Сондай-ақ психотроптық заттарды сату фактісі бойынша іс қозғалды
9 мыңнан аса долларды қолдан жасаған күдікті ұсталды
Фото: ашық дереккөз 29.06.2022 21:18 1564

Қаржылық мониторинг агенттігі жалған 9300 АҚШ долларын жасағандардың ісін сотқа жолдады, деп хабарлайды El.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті жалған 9300 АҚШ долларын жасаған және психотроптық заттарды сату фактісі бойынша қылмыстық істі аяқтап, сотқа жіберді. Күдіктіге қатысты «қамауға алу түріндегі» бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда», - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға