Жаңалықтар

5 жыл несие алмайды: Наурыз айында банкроттыққа өтініш беру басталады

5 жыл несие алмайды: Наурыз айында банкроттыққа өтініш беру басталады
Фото: El.kz 23.02.2023 13:48 1171

Сенат отырысында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қарызы бар адамдардың барлығы бірдей банкроттыққа өтініш бермеуі мүмкін екенін айтты. Себебі, банкрот деп танылған адамдар 5 жыл несие ала алмайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

“Бүгінде тиісті агенттік ұсынған деректерге сәйкес 1 млн 180 мыңнан астам адамның қарызы бар. Олар алған қарыз сомасы 1 трлн 100 млрд теңгені құрап отыр. Осылайша, жергілікті бюджет аталған тұлғалардың 100 пайыздық айналымы кезінде 3 жылда 100 млрд теңге табыстан айырылуы мүмкін. Яғни 2023 жылы – 50 млрд теңге, 2024 жылы – 30 млрд теңге, 2025 жылы – 20 млрд теңге деп жоспарлануда,  - деді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

Министрлік өкілінің айтуынша, банкроттық рәсімдерін атқаруға қатысты жүйе тиісті сынақтан өтті.

"Жаңа ақпараттық жүйе құрылып, оны мемлекеттік органдардың жүйелеріне қостық. Осы орайда банкроттық рәсімдерін атқаруға қатысты жүйе тиісті сынақтан өтті. Бұл тұрғыда қарызы барлар 2023 жылдың 3 наурызынан бастап банкроттыққа өтініш бере алады", - деді Елжан Біржанов. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға