-45 градус аяз: Қазгидромет қатты аяз болатын аймақтарды атады
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
Синоптиктер 19 ақпанда Қазақстан аумағындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Республикасының батысында, оңтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталь бөліктердің өтуімен қар жауып, оңтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста - тұман.
Жетісу облысында – 30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында -45 градус қатты аяз болады. Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында 35-39 градусқа дейін қатты аяз сақталады, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, ауаның ластануы адам денсаулығына қалай әсер ететіні туралы жазған едік.

