30 тамызда демалыс берілмейді – министрлік

 El.kz
Фото: El.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 30 тамызда демалыс болмайтынын мәлімдеді. 

30 тамыз күні мемлекеттік мереке, демалыс күні болмайды. Бұл кәдімгі күн болады, – деп жауап берді ведомство басшысы тілшілердің сауалына. 

15 наурызда өткен республикалық референдумда жаңа Ата заң қабылданды. Осыған байланысты 15 наурыз Конституция күні болып белгіленді. 

 

Оқи отырыңыз