Жаңалықтар

"3 байға шығып, жұртқа ақыл айтады". Қалдыбек Құрманәлі психологтардың жүйкесін тексеру керек дейді

"3 байға шығып, жұртқа ақыл айтады". Қалдыбек Құрманәлі психологтардың жүйкесін тексеру керек дейді
Фото: Видеодан кадр 04.12.2023 10:21 6604

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Қалдыбек Құрманәлі "Сұрауы бар" арнасында қоғамда трендке айналған психологтар туралы сөз қозғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қалдыбек Құрманәлі 3 байға шығып, жұртқа ақыл айтатын психологтардың жүйкесін тексеру керек деп есептейді.

Бүгінде өзі 3 байға шығып, отбасы құндылықтары туралы айтатын психологтар шықты. «Сен күйеуіңнің киімін жума, тамақ істеп беме, өзі істесін, сен өзіңді күт, сен -  тұлғасың» дегенге ақша төлеп, қатысады екен. Зейнеп Ахметова сияқты қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтары туралы әңгіме айтып отырса, түсінер едім. Көргені бар, атақты Бауыржан Момышұлының келіні. Сондай Аягүл Миразова секілді адамдар ұлт төңірегінде әңгіме айтып отырса мен түсінер едім. Мыналардың жұрт білетін 3 байы бар, құдай, тілім жазықты болмасын, сөйте тұра отбасы құндылықтарын айтады. Айналайын-ау, жүрегімді айнытпаңдаршы дейммін. Ондай психологтардың өзінің психикасын тексеру керек,  жүйкесі ауыратын аурухана бар ғой. Сонда барып, бір тексеріп алу керек, - деді Қалдыбек Құрманәлі.

Айта кетейік, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерінің биыл шығармашылығына 35 жыл толатынын мәлімдейді. Кейіпкерімізді сұхбатқа шақырып, қазақ өнеріне қатысты біраз көкейде жүрген сұраққа жауап берген еді. 

Оқи отырыңыз:

Димаш Құдайбергенге Сербияда ерекше сыйлық табысталды

«Біз атаққа кешіктік»: Нұрлан Еспанов өміріндегі өкінішін айтты

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға