Жаңалықтар

2,5 мыңға жуық қазақстандық банкроттыққа өтінім берді

Түркістан облысы өтініш бергендер бойынша көш бастап тұр
2,5 мыңға жуық қазақстандық банкроттыққа өтінім берді
Фото: fingramota.kz 04.03.2023 00:25 896

Банкроттық рәсімін қолдану басталған алғашқы күні 2,5 мыңға жуық қазақстандық өтініштерін беріп үлгерді, деп хабарлайды El.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеке тұлғалардың банкроттығы бойынша қызмет eGov.kz порталында, eGov Mobile  e - Salyq Azamat мобильді қосымшасында қолжетімді.

3 наурызда азаматтардан банкроттық туралы өтініштерді қабылдау басталды. Сағат 16:00-дегі жағдай бойынша банкроттық туралы соттан тыс 1469 өтініш (eGov арқылы 1399, e-Salyq Azamat арқылы 70) түскен. Алғашқы өтініш электронды үкімет порталы арқылы Жамбыл облысынан сағат 09:05-те түсті, - делінген комитет таратқан хабарламада.

3 наурыздағы кешкі сағат 21:00-дегі жағдай бойынша республика тұрғындарынан 2466 өтініш түскен.

Банкроттыққа өтініш беру бойынша көш басында 289 өтінішпен Түркістан облысы тұр. 238 өтініш түскен Алматы қаласы екінші орынға, 227 өтінішпен Алматы облысы үшінші орынға жайғасты.

2023 жылғы 3 наурызда күшіне енген «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қазақстандықтар арызды eGov.kz порталы мен eGov Mobile, Salyq Azamat қосымшаларында не Халыққа қызмет көрсету орталығының жақын жердегі бөлімшесі арқылы қағаз түрінде ұсынуға болады.

Банкроттыққа арызды банкрот болып танылуға ниетті адамның өзі ғана бере алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға