Жаңалықтар

20 наурыз — ел тарихындағы елеулі күн

20 наурыз Парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау күні.
24.03.2016 09:12 6001

20 наурыз — ел тарихындағы елеулі күн

20 наурыз Парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау күні. Ағымдағы жылдың 13-ші қаңтарында төменгі Палата депутаттары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Мәжілісті мерзімінен бұрын таратудысұрап, Үндеу жолдаған болатын.  

«Сайлау комиссиялары бүгін толығымен дауыс беруді өткізуге және дауыстарды санауды ұйымдастыруға дайын. Дауыс беру таңғы сағат 7.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін жүргізіледі. Елімізде 9840 сайлау учаскесі жұмыс істейді, сонымен қатар, шетелде 65 сайлау учаскесі бар. Бүгінгі таңда 9 млн 791 мың 165 адам сайлаушылар тізіміне енгізілген», - дейді Л.Сүлеймен.

ОСК мүшесінің айтуынша, Вашингтон, Нью-Йорк және Оттавада 21 наурыз күні таңғы сағат 6.00-де сайлау учаскелері жабылады. Орталық сайлау комиссиясының баспасөз орталығы БАҚ өкілдеріне бүгін күні бойы жедел ақпарат беріп тұруға дайын. 

20 наурыз — ел тарихындағы елеулі күн

«Сағат 16.00-ге дейін сайлаушылардың сайлауға келуі туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынамын. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары сайлау комиссияларының мәліметіне сәйкес, тізімге енгізілген сайлаушылардың 71,78%-ы сайлау бюллетендерін алды. Олардың ішінде Алматы облысында – 89,88%, Ақмола облысында – 76,11%, Ақтөбе облысында – 72,17%, Атырау облысында – 80,41%, Батыс Қазақстан облысында – 68,52%, Жамбыл облысында – 76,28%, Қарағанды облысында – 70,91%, Қостанай облысында – 78,23%, Қызылорда облысында – 77,53%, Маңғыстау облысында – 69,06%, ОҚО бойынша 80,92%, Павлодар облысында – 68,76%, СҚО бойынша 76,41%, ШҚО бойынша 77,13%, Астана қаласы бойынша 69,83%, Алматы қаласы бойынша 29,12%», - дейді Т.Охлопкова.

Сондай-ақ, бүгін Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарының кезекті сайлауы өтіп жатыр. Дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 7.00-ден кешкі сағат 20.00-ге дейін 9840 сайлау учаскесінде ұйымдастырылады. Елдің батыс өңірлерінде: Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында уақыт айырмашылығына байланысты дауыс беру Астана уақытымен кешкі 21.00-ге дейін жалғасады. Бүгінгі таңда 9 млн 791 мың 165 адам сайлаушылар тізіміне енгізілген.


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға