Жаңалықтар

2016 жылы келушілер саны көш бастаған музейлер

Көрілім бойынша рейтингісі ең жоғары музейлерді білесіз бе?
2016 жылы келушілер саны көш бастаған музейлер
09.07.2018 11:34 10415

Жақында The Art Newspaper басылымы 2016 жылы әлемдегі ең көп тамашалаушыларды қабылдаған көрілімі жоғары музейлердің рейтингісін жариялады. Көш басында әйгілі париждік Лувр музейі тұр.

Сарапшылардың пікірінше, Лувр музейін былтыр 7 миллион адам тамашалаған екен. Екінші орынға Нью-Йорктегі Метрополитен-музейі жайғасыпты. Ал, үшінші орында Ұлыбританиядағы Лондон музейі тұр.

Лувр музейі әлемнің түкпір-түкпірінен келген саяхатшыларды несімен қызықтырады? Музейдің алтын қорында қандай құнды жәдігерлер сақталған? Тоқталып көрейікші.

Лувр музейінің мәртебесін асқақтатқан құнды жәдігерлер сан ғасырлық дәуірлер мен географиялық кеңістіктерден сыр шертеді. Мұнда 300 000 жуық құнды экспонат сақтаулы. Музей залында күн сайын 10 000 жуық саяхатшы серуендеп, музей құндылығымен танысады.

 

Лувр – үлкендігі жағынан әлемдегі үшінші музей. Аумағы 160 000 шаршы метрден асады. Олардың 59 000 шаршы метр аумағын тарихи экспозициялар алып жатыр.

Луврдың үлкен галереясы – әлемдегі ең үлкен ішкі дәліз саналады.

Музейдің төрт үлкен ғимаратын бір күнде аралап шығу мүмкін емес. Лувр музейінің тарихымен толығырақ танысамын деген ниетіңіз болса, кемінде бір апта уақытыңызды арнаған жөн.

Луврдың әйгілі шыны пирамидасы – египеттік Хеопс пирамидасынң прототипі. Үстіңгі қабатының аумағы 1000 шаршы метр болса, қабырғасы 673 қабат қалың шыныдан қаланған. Биіктігі – 24,65 метр, ал салмағы – бірнеше жүз тонна.

Әлем жауһарына айналған Лувр музейінің ең құнды жәдігері ретінде – Леонардо да Винчидің әйгілі  «Мона Лиза» картинасы саналады. Күн сайын осы сиқырлы күлкісімен көптің назарын жаулап алған сұлудың бейнесін көру үшін топ-топ саяхатшы картинаның алдына жиылады. Десе де әйгілі картинаны жақыннан көруді армандап келген келушілердің басым көпшілігі түңілетін кездер де болады. Басты себебі – бағалы картинаның арам пиғылдылардан қорғау мақсатында оқ өтпейтін шынының ар жағында сақталуында.  

«Джокондадан» өзге Луврдың құнды жәдігерлері қатарында әйгілі «Санси» гауһар тасы бар. 1064 жылы Үндістаннан табылған бағалы тастың салмағы 55, 23 карат болады.

Гауһар тас Лувр музейінде 1978 жылдан бері сақталып келеді. Музей қорына қалай келді десеңіз, лорд Асторадан 1 000 000 долларға сатып алған.

Метрополитен музейі туралы бірнеше қызықты дерек

Метрополитен музейі – әлемдегі ең ірі көркем сурет музейлерінің бірі. Америка Құрама Штаттарына саяхаттаған кез-келген саяхатшы осы музейді көрмейінше Нью-Йорк туралы толыққанды көзқарас қалыптастыру мүмкін емес.

Музей 1872 жылы ашылған. Бастапқыда музейге келушілер тек 174 картинаны ғана тамашалай алса, қазір музейдің құнды жәдігерлерінің қатарын 2 миллионға жуық экспонат толықтырып тұр. Музейде 19 зал жұмыс істейді.

Келушілердің көпшілігі Метрополитен-музейінің көркем өнер және мүсін секциясын сондай-ақ декоративті өнер залын тамашалғанды ұнатады. Мұнда қолданбалы өнер туындыларының сирек кездесетін жауһарлары сақталған. Музейдегі АҚШ президенті Джордж Вашингтонның портреті ең құнды жәдігерлер сапында. Авторы америкалық суретші Гильберт Стюарт.

Лондон музейі туралы қызықты деректер

Британ музейі – миллиондаған баға жетпес құнды жәдігерлерді сақтаушы мәдени мекеме. Музейдің аумағы 6 гектар. Мұнда әлемнің түкпір-түапірінен жиналған жәдігерлер коллекциясы жиналған. Мәселен, тиындар мен медальдар коллекциясы, көне египет туындылары, антикалық және орта ғасырлық шеберлерге тән шығармашылық жұмыстар, көркем өнер туындылары т.б.

Британ музейі әр квартал сайын «British Museum Quarterlу» атты төл журналын шығарады.

Музей қорында 8 миллионға жуық жәдігер бар. Екі миллион жылдық тарихты қамтитын экспонаттарымен танымал.

Ұзақ жылдар бойы музейдің ең құнды жәдігерлері қатырында кітапханасы болды. Кітап қорының орасан зор болуына байланысты 1972 жылы кітапхананы музейден бөлуге тура келді.

Тарих тақырыбын ұнататындар үшін Британ музейін үйде отырып-ақ тамашалаудың мүмкіндігі туды. Оны Google Street View сервисі арқылы жүзеге асыра аласыз.

Британ музейінде 6 мысық жұмыс істейді. Тіпті оларға 50 фунт стерлинг жалақы төленеді. Мысықтар музейге тышқан мен егеуқұйрықтан зиян келтірмес үшін қызмет етеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға