+20 градустан -18 градусқа дейін: Қазақстанда ауа райы қандай болады

+20 градустан -18 градусқа дейін: Қазақстанда ауа райы қандай болады
Фото: ©El.kz/Арман Мухатов

Алдағы күндері Қазақстанның өңірлерінде ауа райы құбылмалы болады.

Оңтүстік аймақтарда күн жылып, ауа температурасы +20 градусқа дейін көтерілсе, елдің кей жерлерінде түнгі аяз -18 градусқа дейін күшейеді. Сонымен қатар бірқатар өңірде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін.

Оңтүстікте күн +20 градусқа дейін жылынады

Синоптиктер болжамынша, 17-19 қараша аралығында жоғары қысым аймағы елдің шығысына қарай жылжиды. Соның әсерінен Қазақстанның шығысында, оңтүстігі мен орталық бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Күндіз оңтүстік-батыс өңірлерде ауа температурасы +10…+15 градусқа дейін көтерілсе, оңтүстікте +10…+20, оңтүстік-шығыста +10…+18 градус шамасында болады. Ал батыс пен шығыста күн +5…+10 градусқа дейін жылынады.

Солтүстік пен орталық өңірлерде күндіз ауа температурасы -1…+4 градус аралығында сақталады.

Бірқатар өңірде қар, жаңбыр жауып, көктайғақ болады

Алдағы күндері антициклонның орнын солтүстік циклонның терең ойысы басады. Алдымен оның әсері елдің батысында сезіліп, кейін солтүстік-батыс пен солтүстік өңірлерге таралады.

Бұл аймақтарда жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал. Республика бойынша жел күшейеді. Сондай-ақ түнде және таңертең солтүстік өңірлер мен оңтүстіктегі таулы аймақтарда тұман түсуі мүмкін.

Түнде аяз -18 градусқа дейін күшейеді

Күндіз кей өңірлерде ауа райы жылынғанымен, түнде Қазақстанның басым бөлігінде температура нөлден төмендейді. Елдің орталығында, сондай-ақ шығыс және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда түнгі аяз -13…-18 градусқа дейін жетуі мүмкін.

Алматыда алдағы үш күнде ауа райы біртіндеп жылынады. 19 қарашаға қарай ауа температурасы +13 градусқа дейін көтеріледі. Ал Астанада күн әлдеқайда салқын болып, күндізгі температура нөл градус шамасында болады. Қазгидромет мәліметінше, екі қалада да әзірге жауын-шашын болмайды.

Алматыда күн +13 градусқа дейін жылынады

17 қарашада Алматыда күн құбылмалы болады, жауын-шашын жаумайды. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Түнгі температура -2…-4 градус, күндіз +5…+7 градус болады.

18 қарашада да жауын-шашын болжанбайды. Түнде ауа температурасы 0…+2 градус шамасында болса, күндіз +9…+11 градусқа дейін көтеріледі.

19 қарашада Алматыда күн тағы да жылынады. Түнде 0…+2 градус, күндіз +11…+13 градус болады.

Астанада күндіз ауа температурасы нөлге жуықтайды

17 қарашада елордада жауын-шашын күтілмейді. Түнде ауа температурасы -6…-8 градусқа дейін төмендесе, күндіз +2…+4 градус болады.

18 қарашада да күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Түнде -2…-4 градус, күндіз +2…+4 градус шамасында сақталады.

19 қарашада түнгі температура -5…-7 градусқа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы нөл градус шамасында болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғып, жылдамдығы секундына 5-10 метрге жетеді.

Оқи отырыңыз