Жаңалықтар

17 қаңтарға арналған валюта бағамы

Ұлттық банк валюта бағамын ұсынды
17 қаңтарға арналған валюта бағамы
Фото: 7kun.kz 17.01.2023 10:06 1312

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 17 қаңтардағы ресми бағамын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Атап айтқанда, 1 доллар құны – 462,69 теңге, Ресей валютасының орташа сараланған бағамы - 6,76 теңге. Қазақстан қор нарығындағы 16 қаңтар күнгі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллар 0,56 теңгеге қымбаттап, 462,86 теңге болды. Теңгеге шаққандағы 1 рубль құны 6,79 теңгені құрады.

Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 462 – 465 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар 462,5– 466 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша а+йырбастау орындарында Ресей валютасын 6,45– 6,75 теңгеге сатып алуға болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға