Жаңалықтар

1414 нөмірі бойынша тегін заң көмегін алуға болады

Ұялы байланыс операторы мен стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін
1414 нөмірі бойынша тегін заң көмегін алуға болады
Фото: gov.kz 01.02.2023 01:35 1037

Бұдан былай ел азаматтары 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы заң мәселелері бойынша тегін көмек алуына болады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Белгілі болғандай, Әділет министрлігі халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп Digital Justice жобалар портфелі шеңберінде ҚР кезекті қызметті іске қосты. Осылайша, бірыңғай байланыс орталығының базасында 1414 нөмірі бойынша консультациялық көмек азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ғана емес, сонымен қатар білікті мамандардан заң мәселелері бойынша да кеңес беріледі.

Осыған байланысты, кез келген адам оңай есте қалатын 1414 нөміріне қоңырау шалуына болады. Қазақстан бойынша барлық ұялы байланыс операторына және стационарлық телефондар арқылы қоңырау шалу тегін, - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға