Жаңалықтар

100 нақты қадам: университет алдындағы міндеттер

Бүгін Алматыда Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде Ғылыми кеңестің мәжілісі болып өтті.
22.09.2016 07:05 4644

Бүгін Алматыда Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде Ғылыми кеңестің мәжілісі болып өтті. «Бес институционалды реформаларды орындауда 100 нақты қадам жоспарын орындауда университет алдындағы міндеттер» деп аталатын бұл жиынға университет проректорлары, институт директорлары, профессорлар мен өзге де ҚазҰТУ қызметкерлері қатысты.

100 нақты қадам: университет алдындағы міндеттер

Кеңесті ашық деп жариялаған ҚазҰТУ ректоры, академик Ж.М.Әділов кезектен тыс өткен ҚР Президентін сайлау саяси науқанында ерекше еңбек еткен университеттің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Сәрсенбаева Гүлнәр Әлібекқызы мен Инфрақұрылымды дамыту жөніндегі проректоры Тыныбеков Ришат Имэлұлына «Нұр Отан» партиясының алғыс хатын табыс етті. Сондай-ақ, алғыс хат ҚазҰТУ ректоры, академик Ж.М.Әділовке де табыс етілді.

100 нақты қадам: университет алдындағы міндеттер

Бұдан кейін сөз алған ректор өз баяндамасында мемлекеттің мықты өсіп-өркендеуі мен дамуы жолында бес институционалды реформаларды жүзеге асыру үшін еліміздің тұрақты әрі табысты дамуы жолында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев және Президенттік Ұлт жоспары ұсынған «100 нақты қадам» атты біздің елімізді жаңа тарихи кезең жоспары жайлы егжей-тегжейлі баяндама жасады.

Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарда корпоративтік басқарудың үлгісін әзірлеу бойынша жоспарлы жұмыс атқарылуда. 9 ЖОО-да байқау кеңестері жұмыс істейді. Байқау кеңестің құрамына Министрліктің, жергілікті атқарушы органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдастықтың және мемлекеттік кәсіпорындардың өкілдері кіреді. Олар ЖОО дамуының бесжылдық стратегиялық жоспарларын бекітеді, қаржы қызметі жөнінде мониторинг жүргізеді және ректорлардың кандидатуралары бойынша ұсыныстар енгізеді.

«Бұл мемлекетті дамытудағы нақты, тың жоспар 100 тәжиірбиелік шешім, мемлекет экономикасы мен тұрақтылығы, әлеуметтік жағдайын көтеруде кезеңдік нақты жоспар. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бұл «100 нақты қадам» жоспары біздің өміріміздің барлық сегментін қамтиды. Мысалы: экономика, білім, ғылым, денсаулық, мәдениет, қоғамдық және саяси қарым-қатынас, мемлекеттік басқару, ұлттық қауіпсіздік. Әр қадам– бұл нақты тәжірибелік Елбасы тапсырмасы»,–деді ректор өз баяндамасында. - Иә, Елбасы тапсырмасы жауапты әрі салмақты. Әрқайсымыз, қазақстандықтар маңызды 100 қадамды өз қызметімізде, жұмыс орнымызда, қоғамдық өмірімізде болсын жүзеге асыруға атсалысуымыз керек.

100 нақты қадам: университет алдындағы міндеттер

Сондай-ақ, 100 қадамда айтылған жоғарытехнологиялық экономиканы инклюзивті дамыту жаңа кәсіби мамандармен дамыту жағы да ректор баяндамасында назардан тыс қалған жоқ. Мемлекет басшысы қазақстандықтарды әлемдік деңгейде білім мен біліктілікке бәсекелестікке дайын болуға бағыттайды. Бұл ХХІ ғасырдағы дамыған, гүлденген қоғамдардың қалыптасуы мен дамуында шешуші фактор болып табылады. Бұдан кейін университет ректоры Қазақстан Президентінің бес институционалдық реформаларды жүзеге асыруда 100 қадам жоспарын орындауда оқу орны алдында тұрған нақты міндеттер мен тапсырмаларға тоқталады. Атап айтқанда, университетте білім беру интеграциясын дамыту үшін инновациялық кластер, ғылым, өндіріс базасы мен зерттеу аумағына тиімді ресурэкономикадағы жетекші технологияларды енгізу;

100 нақты қадам: университет алдындағы міндеттер

-Нақты қадам «63. Ғылымға негізделген экономиканы қалыптастыруда қос инновациялық кластерді дамыту. «Астана Бизнес Кампус» Назарбаев университеті және «Алатау» ИТП бірлесіп орындайтын ҒЗБ ресурсты үнемдеу жұмыстарына қатысу, нақты қадам «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру туралы Заңын дамыту. ҚР БжҒМ тапсырмаларын Заң аясында даярлау мен бағыттауда өндірісте инновацияларды қаржыландыру жұмысында ұсыныс беруге, Президент тапсырмаларын орындау, маңызды жүз қадам жоспарын орындау университеттің басты міндеті болып табылады»,–дейді ҚазҰТУ ректоры.

100 нақты қадам: университет алдындағы міндеттер

Ұлт Жоспарында белгіленген тапсырмалар еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын одан әрі жетілдіру мәселелері қамтылған. Мәселен, мемлекеттік монополиядан біртіндеп бас тарту; құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісін енгізу; кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан құрылыстың ескірген нормалары мен ережелерінің орнына еурокодтар жүйесін енгізу; электр энергетикасы саласын қайтадан құру тәрізді өзекті міндеттер бүгінгі күн талабымен орайлас келіп отыр.

Бағдарламалық құжатта сондай-ақ ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту; экономиканың шикізаттық емес салаларындағы орта бизнестің нақты көшбасшы компанияларын қолдауға бағытталған «ұлттық чемпиондар» белсенділігін жүзеге асыру; ғылымды қажет ететін экономиканың негізі ретінде екі инновациялық кластерді дамыту; өндіріске инновациялар енгізу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру тетіктері бар «ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» заң әзірлеу. Қазақстанды халықаралық көлік-коммуникациялық ағымдарға интеграциялау сынды ауқымды мақсаттар мен міндеттер 61 және 76-шы қадам аралығында көрініс тапқан.
Аталған міндеттердің жүзеге асырылуы ел келешегінің кемел болашағының жарқын болуына негіз болары сөзсіз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға