Жаңалықтар

Құрбан айт мейрамы 9 шілдеде басталады

Құрбан айт – құтты мереке
Құрбан айт мейрамы  9 шілдеде басталады
Фото: ummet.kz 01.07.2022 09:23 1473

Барша мұсылман үшін ұлық саналатын Құрбан Айт мерекесі биыл 9 шілдеде басталады, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы еліміздің Бас мүфтиі мәлімдеді.

Бұл күндері мұсылмандар Жаратушының разылығы үшін құрбан шалып, жоқ-жітікке, жағдайы жұтаң жандарға көмектеседі. Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр яки түйе шалуға болады.

Құранда ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына толған мұсылманға, оның ішінде жолаушы еместерге және негізгі қажеттерден тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болғандарға құрбан шалу уәжіп делінген.

Бас мүфти халықты пендешілікке салынбай, пайда табу мен алыпсатарлыққа бармай, мал бағасын қымбаттатпауға, халықтың жағдайын ескеруге шақырды.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға