Жаңалықтар

«Құнанбай» фильмі фестивальге қатысады

Қазақ киносы
14.10.2016 09:45 3016

«Құнанбай» тарихи фильмі «Күміс ақ боз ат» ІІІ халықаралық ұлттық және этникалық кинофестивалінің негізгі бағдарламасына енді. Фестиваль қазанның 26-28 аралығында Уфа қаласында өтеді.

«Құнанбай» фильмі фестивальге қатысады

«Күміс Ақ боз ат» фестивалі әлем халықтарының рухани және мәдени құндылықтарын насихаттауға, ұлттық және этникалық бағыттағы фильмдерді түсіретін киногерлер шығармашылығын дәріптеуге, Ресей аймақтары және шетелмен мәдени қатынасты дамыту үшін ұйымдастырылды. 

Фестивальге қатысу үшін жалпы саны 254 өтініш түскен екен. Шараның конкурстық бағдарламасына Ресей, Моңғолия, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Бангладеш, Египет, Украина, Армения, Ауғанстан сияқты елдерден 24 картина іріктеп алынды.

«Құнанбай» картинасы прокатқа 2015 жылы шыққан болатын. 2016 жылдың қыркүйегінде Липецк қаласында өткен XII Қазан халықаралық мұсылман киносы фестивалінің конкурстық бағдарламасында көрсетілді. Сонымен қатар, 30 қыркүйек күні алғашқы ұлттық «Тұлпар» кино сыйлығын табыстау рәсімінде Досхан Жолжақсынов үздік ер адам рөлі жүлдесін, Төлеген Мұхамеджанов үздік композитор жүлдесін, ал Рустам Одинаев «ең үздік қоюшы-режиссер жұмысы» жүлдесін иеленді.


 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға