Жаңалықтар

"Әлем Барысын" күллі Әлем танысын!

2014 жылы дзюдодан Әлем чемпионы атанған чехиялық балуан Лукас Крпалекке "Ең үздік техникасы үшін" 5 мың АҚШ доллары берілді.
30.10.2014 10:31 4720

"Әлем Барысын" күллі Әлем танысын!

«Әлем барысы» халықаралық турнирінің салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының Орынбасары Бағлан Майлыбаев  «Әлем барысына» қатысушыларға сәттілік тілеп, Елбасының атынан құттықтау хатты оқыды. Хаттың толық мәтіні былай:

Құрметті турнирге қатысушылар!

Мәртебелі күрес өнерінің мерейін асыратын батыр тұлғалы, білекті де, жүректі балуандардың байрақты бәсекесі құтты болсын!

«Әлем Барысы» атты аламан доданың тұңғыш рет біздің елімізде өткізілуі – отандық спортымыздың тарихындағы маңызды оқиға.

Турнирде дүниежүзінің 30-дан астам мемлекетінен келген спортшылар күш сынасады.

Халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық спорты – қазақ күресі қазіргі таңда жаңа белеске көтеріліп, өзге елдердің де сүйікті спортына айналғаны қуантады.

Былтыр «Еуразия Барысы» халықаралық сайысы табысты өтті. Енді «Әлем Барысы» додасы төл спортымызды дүниежүзіне танытатын болады.

Қазақша күрестің кеңінен тарауына қолдау көрсеткен халықаралық деңгейдегі спорт мамандарына, танымал балуандарға және турнирдің барша қатысушыларына ризашылығымды білдіремін.

Алып та, шалып та жығатын жампоздарға сәттілік пен жеңіс тілеймін!

"Әлем Барысын" күллі Әлем танысын!

Кэри-Хироюки Тагава – қазақ күресінің Әлем бойынша Құрметті Елшісі!

Голливуд жұлдызы, 1980-1990 жылдар аралығында атыс-шабыс фильмдермен көрерменнің есінде қалған, одан бөлек "Перл Харбор" және "Хатико" сынды үздік фильмдерде әртүрлі рөлдерді сомдаған, өмірде жекпе-жек спорт түрлеріне ерекше көңіл бөліп, жанашырлықпен көмектесіп жүретін Кэри-Хироюки Тагава "Әлем Барысына" құрметті қонақ боп келіп, ұлттық өнерімізге жоғары баға берді! 
Төл өнеріміз қазақ күресінің әлемдік деңгейде танылуына үлкен мүмкіндіктер бар екенін айта келе, қазақ күресінің Әлем бойынша Құрметті Елшісі атануға өз ықыласымен келісімін берді. 
Мұндай Құрметті Елші деген мәртебе әлемдегі ең көп таралған жекпе-жек спорт түрлерінде бар екендігін естеріңізге сала кетейік. Ендігі ретте қазақ күресінің мәртебесін Голливуд жұлдызы Кэри-Хироюки Тагава әлемге мәшһүрлейтін болады!

 "Әлем Барысын" күллі Әлем танысын!

2014 жылы дзюдодан Әлем чемпионы атанған чехиялық балуан Лукас Крпалекке "Ең үздік техникасы үшін" 5 мың АҚШ доллары берілді.

"Әлем Барысында" кім жеңгенін жақсы білесіздер! Дзюдодан Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, кубалық балуан Брайсон Видал алтын белбеуді алса, күміс жүлде 2013 жылғы "Қазақстан Барысы" Айбек Нұғымаровқа бұйырды. Ал, қола жүлде жақында ғана "Мәскеу Барысы" атанған Максим Ширяевке бұйырды.
Уәде етілгендей алғашқы ондыққа ілінген балуандар да жүлделі болды. Сондай-ақ, дзюдодан 2014 жылы Әлем чемпионы атанған чехиялық балуан Лукас Крпалекке "Ең үздік техникасы үшін" 5 мың АҚШ доллары, ширек финалға дейін шығып, өте жанкешті өнер көрсеткен тәжік балуаны Дадахон Қурбаналиевке "Жеңіске деген жігері үшін" 5 мың АҚШ доллары берілді. Толықтай мына сілтемеден қарай аласыздар!

"Әлем Барысын" күллі Әлем танысын!

Әзірлеген – Досжан Мейірбек, фотолардың авторы – Жеңіс Ысқабай.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға