Z буыны сыйлықтарды онлайн таңдағанды жөн көреді. Бұл олардың мерекеге дайындық міндетінен тезірек құтылуға тырысатындықтан емес. Жай ғана жастар бұл мәселеге рационалды түрде қарайды.
2024 жылдың алғашқы бөлігінде онлайн-шопинг үлесі 43%-ға өсті, және бұл өсімнің негізгі себепкерлері - зумерлер.
Онлайнда зумерлер тауардың кең ассортиментін бірден көре алады және өздеріне қызықсыз тауарларды қарап уақыт жоғалтпайды. Бұл жас буын үшін өте маңызды. Setters.Media және «Стокманн» зерттеуінің мәліметінше, 18-26 жас аралығындағы жастардың 69%-ы ассортименті кең және әртүрлі онлайн-платформаларды таңдайды. Бұл оларға ең тиімді бағадағы идеалды тауарды табу мүмкіндігін арттырады. Тағы бір қызығы, зумерлердің 60%-ы тапсырыс бермес бұрын тауардың өлшемдері мен бағасын салыстырады. Ал 37%-ы тек акциялар бөлімдеріне кіріп, қажет заттарын сол жерден іздейді.
Сонымен қатар, онлайн-шопингте зумерлердің басты мотиві, уақыт үнемдеу деп айту қиын. Олар сатып алуды ойлануға жиі үзіліс жасайды: 59%-ы миллениалдардың 52%-ымен және бэби-бумерлердің 47%-ымен салыстырғанда жоғары көрсеткіш. Бұл уақыт нақты сәйкес келетін тауарды таңдауға жұмсалады. Жастар өздерін қызықтыратын тауарлар ұсынылған платформаларды мұқият қарап шығады. Олар маркетплейстерді шынайы пікірлердің болуы, төлеу тәсілдерінің қолайлылығы, тапсырысты бақылау мүмкіндігі және жеке ұсыныстар лентасының бар-жоғы бойынша бағалайды. Сонымен бірге Z буыны тек пікір оқып қана қоймайды, өз тәжірибесімен де бөліседі, әрі тек теріс пікір емес. Егер бір нәрсе таңғалдырса немесе қуантса, олар міндетті түрде пікір қалдырып, өзгелерге көмектеседі.
Сыйлық іздеу кезінде блогерлердің таңдаулары да талданады. Insight People деректері бойынша, зумерлердің 53%-дан астамы блогерлерге сенеді және блогер ұсынған жаңа өнімді сатып алуға дайын.
Қазіргі таңда жастар мерекелерге ерекше көңіл бөледі. Z буынының 90%-ы мерекеге алдын ала дайындалып, басқа адамдардың рейтингтері мен тауарлар топтамаларын қарайды.
Сыйлық алушы пайдалы әрі өзіне қажетті затты алатынын біледі, ал сыйлық беруші не таңдарымды деп ұзақ ойланбайды - бұл әсіресе адамды жақсы танымайтын кезде қиын. Сонымен қатар жастар өзге адамдардың топтамаларын жиі қарап, шабыт алып, қызықты идеяларды өздеріне алады.
Зумер үшін идеалды сыйлық - оған арнайы жасалған сыйлық деп біледі. Жас буын сыйлықтағы эмоция мен жылылықты жоғары бағалайды. Зумерлер ұсақ-түйекке мән береді және сыйлықты барынша жеке етуге тырысады.
Адам эмоцияны сыйлықты ашқан сәттен бастап алады. Дәл осы әсер сыйлық таңдаудың негізгі факторы болып табылады. Z буыны сыйлықты жекелендіру идеяларын интернеттен табады, сол себепті онлайн-шопинг олар үшін ерекше тәжірибеге айналады.
Тағы бір қызықты факторлардыі бірі - жеткізу қызметін пайдалану болып тұр. Жаңа буынның түсінігінде, жеткізу қызметіне жүгіну - сыйлықты беруден қашу емес, керісінше адамға деген қамқорлық. Мереке алдындағы қарбаласта кездесуге уақыт табу қиын болғанда, сыйлықты курьер арқылы жіберуге болады.
Алайда жастар әрқашан сыйлықты үшінші адам арқылы жібергісі келе бермейді. Көбіне адам сыйлықты таңдаудан гөрі оны өз қолымен бергенде көбірек қуанады. Өз қолымен жасалған сыйлық болса, оны міндетті түрде өзі табыстауды қалайды. «Анкетолог» сервисінің деректері бойынша, зумерлердің көпшілігі (77%) тапсырысты өзі барып алып кеткенді жөн көреді.

