©Pixabay.com

Зумерлер кәрілік неше жастан басталатынын айтты

EduBirdie сервисі жүргізген жаңа сауалнама нәтижесіне сүйенсек, Z буыны (2000 жылдан кейін туғандар) жастық шақтың әлдеқайда ерте аяқталатынын айтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Сауалнамаға 18-28 жас аралығындағы 2000 зумер мен миллениал қатысқан. Нәтижесінде респонденттердің 22%-ы адам 35 жасында-ақ «кәрі» болып саналатынын алға тартқан. 1981-1996 жылдар аралығында туған миллениалдар үшін кәріліктің шегі – 40 жас.

Бұл пікірге сәйкес, Тейлор Свифт, Эмма Уотсон мен Дэниел Рэдклифф сынды танымал тұлғалар да «жастар қатарынан шыққандар» тізіміне енген - олардың барлығы 35 жастан асқан. Ал миллениалдардың өзі Криштиану Роналду, Кэти Перри, Леброн Джеймс сынды 40 жастағы жұлдыздарды «кәрі» деп есептейді екен.

Сөйте тұра миллениалдардың 44%-ы және зумерлердің 33%-ы адамның тартымдылығы жасына байланысты емес деп санайды.