Жаңалықтар

Зүлфия Сүлейменова мен Даниал Ахметов жауапқа тартыла ма?

Зүлфия Сүлейменова мен Даниал Ахметов жауапқа тартыла ма?
Фото: Зүлфия Сүлейменова / Даниал Ахметов 13.06.2023 12:20 3385

Абай облысындағы өрт үшін кінәлілер жазаланады. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Үкімет кулуарында журналистердің сұрағына жауап берді.

Роман Склярға «министрлер кабинеті бұл оқиғаға өздерін кінәлі сезіне ме?» деген сұрақ қойылды.

Барлық сала бойынша мен жауаптымын, - деді Скляр.

Ал «экология министрі Зүлфия Сүлейменова жауапқа тартыла ма?» деген сұраққа ол былай жауап берді.

Қазір прокуратура тергеу жүргізіп жатыр. Оның аясында барлық кінәлі адамның жауапкершілігі анықталады, - деді ол.

Ал ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің жауапқа тартылуы туралы сұраққа Роман Скляр «Семей орманы» резерваты Экология және табиғи ресурстар министрлігіне қарайтынын айтты.

Бұл – министрліктің құрылымдық бөлімі. Өрт жылдам өршіп кетті. Жағдай дұрыс бағаланбады, - деді Роман Скляр.

Сондай-ақ ол «Семей орманы» резерваты Экология министрлігінің құзырында, сондықтан өңірдегі жағдайға ведомство өкілдері жауапты екенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға