Зүлфия Ғабидуллина Паралимпиада ойындарын 7-орынмен аяқтады
07.09.2024 00:08
Фото:
t.me/mediaparis2024
Қазақстандық пара спортшы Зүлфия Ғабидуллина Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарын аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз 50 метр еркін әдіспен пара жүзудің S4 санаты бойынша финалдық ойында бақ сынап, мәреге 7-ші болып жетті.
Айта кетсек, Паралимпиаданың тоғызыншы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлде бар.

