Зүлфия Чиншанло 8 жылға спорттан шеттетілді
Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
22.12.2023 10:43
1545
Қазақстандық зілтемірші Зүлфия Чиншанло допингке қарсы ережелерді қайта бұзғаны үшін спорттан 8 жылға шеттетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның қан құрамынан «Метандиенон» стероид табылды.
Спортшы қыз осымен екінші рет ереже бұзды. Бұған дейін ол допинг үшін 7 жыл бұрын шеттетілген болатын. WADA 2012 жылғы Лондон олимпиадасының нәтижелерін қайта тексерген кезде Чиншанлоның допинг қолданғанын анықтады. Ол кезде спортшы «Оксандролон» мен «Станозолол» қолданған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Түркістанда ауыл мұғалімдеріне Дубайға жолдама берілді