Жаңалықтар

«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы басталды

«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік»  акциясы  басталды
Фото: ІІМ 28.11.2023 17:25 948

Ішкі істер минстрлігінің нұсқауымен 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында республика аумағында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенділік» акциясы өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аталған шараның басты  мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның жолын кесу, отбасының қоғамдағы рөлін нығайту болып табылады.
 
Осыған орай, бүгін Шымкент қаласы полиция департаментінде  жергілікті атқарушы органдар мен бірқатар жауапты мамандардың  қатысумен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Атап айтқанда, Шымкент қаласы әкім Аппараты басшысы орынбасарының міндетін атқарушы, әкім жанындағы әйелдер істері және демографиялық саясат комиссияның хатшысы, қалалық прокуратура, «Аманат» партиясының хатшысы, қалалық мәслихат депутаты, «Әйелдер қанаты» ұйымының төрайымы, Ұлттық комиссия мүшесі мен әйелдер кеңесінің төрайымы,  Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқармасы, білім басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, денсаулық  сақтау басқармаларынан келген мамандар қатысты. 

Жиын барысында әр мекемеге өздеріне қатысты міндеттер жүктеліп, акция барысында бірлесіп жұмыс атқару мақсатында ұсыныс пікірлер айтылып, жоспар түзілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға