Жаңалықтар

"Зорлық-зомбылық жасады". Шетелдіктер асырап алған қазақ қызы жан сырын ақтарды

"Зорлық-зомбылық жасады". Шетелдіктер асырап алған қазақ қызы жан сырын ақтарды
Фото: Видеодан кадр 09.01.2024 18:15 2599

Шетел азаматтары асырап алған қазақ балалары психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Жат жерде, өгей отбасында өктемдік пен озбырлықтың ащы дәмін татқан ондай қарагөзіміздің бірі «Шетелдегі қазақ балалары» бағдарламасында басынан өткен жағдайды айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ләззат өзін кішкентайынан өсірген адамдардан психологиялық қысым көрген. 

Мені бағып алған кісілер миыма бірнәрсені құя беретін. "Біз асырап алғандықтан ғана сен жақсы өмір сүріп жатырсың, жетімдер үйінде қалсаң ішкенің ірің, жегенің желім болатын", деп қайталап айта беретін. "Қазақстанда тұрсаң өмірің өте нашар болатын еді", дейтін. Ана тілімнен, төл мәдениетімнен, туған жерімнен жұлынып кеткендегі күйінішті сезінуге мүмкіндік бермейтін. Басып тастайтын. Ойымды өзгертуге тырысатын. Ұрып-соққан жоқ, қол көтерген жоқ, бірақ сөзбен аямай сабады. Ауыр сөзбен-ақ жанымды тілгілеп жаралағандарын өздері де түсінбеген шығар. Олар маған эмоциялық тұрғыдан зорлық-зомбылық жасады. Сезімдерімнің құнын түсірді, қорлады. Олардың түсінігінде "осыған да қайғыра ма екен" деген кекесін болды. Менің басымнан өтіп жатқан дүниені маңызды деп есептемей, түкке тұрғысыз қылды, - деді Ләззат сұхбатында.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от JIBEK JOLY (@jibek_joly.tv)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға