Жамбыл облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері КТҮ-158/1 қызметкерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде зират аумағында қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған жасырын қойманы анықтады, деп хабарлайды EL.KZ.
Екі оқжатары бар “АКС-74У” автоматы, 9 мм калибрлі “ME-38 Marchal” травматикалық револьвері, 1 жарық-шуылды граната, 5,45 мм калибрлі 11 оқ дәрi, 9 мм калибрлі 38 оқ дәрi, 12 калибрлі 2 оқ дәрi және 5,45 мм калибрлі 8 бос оқ дәрi тәркіленді. Сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды - делінген департамент таратқан ақпаратта.
Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға