Жаңалықтар

Өзін хакер ретінде таныстырған ресейлік әйел ондаған қазақстандықты алдап кетті

Қазіргі уақытта ұсталған азаматшаның қала және Қазақстан Республикасының аумағында басқа да қылмыстарды жасауға қатыстылығын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр
Өзін хакер ретінде таныстырған ресейлік әйел ондаған қазақстандықты алдап кетті
Фото: Polisia.kz 12.09.2022 12:35 1014

Өзін хакер ретінде таныстырған ресейлік әйел ондаған қазақстандықты алдап кетті, – деп хабарлайды El.kz порталы Polisia.kz-ке сілтее жасап. 

25 жастағы Н.есімді азаматша ақпараттық технологияларды пайдаланып және адамдар тобымен алдын ала сөз байласып, бірнеше рет алаяқтық әрекетін жасаған. 

– Күдіктіні «К» бөлімінің қызметкерлері ұстады. Анықталғандай, қылмыстық тізбекті әйел жерлесімен бірге дайындаған, ол Instagram әлеуметтік желісінде бұғатталған аккаунттарды бұзу немесе қалпына келтіру қызметін жарнамалаған. Әлеуетті клиенттер өздерінің тұратын еліне қарай Қазақстандағы банктердің карталарына ақша жіберген. Содан кейін Н.есімді азаматша алған ақшаны сыбайласының нұсқауымен басқа карталарға бөліп, ақшаның бір бөлігін өзіне қалдырып отырған, – дейді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

 Күдіктілердің әрекеттері ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша сараланады. Қазіргі уақытта ұсталған азаматшаның қала және Қазақстан Республикасының аумағында басқа да қылмыстарды жасауға қатыстылығын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға